Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Орталық Азия бірлескен қуат жүйесі тарапынан электр қуаты күшінің жоғарылап кетуі салдарынан электр қуаты сөнді

Орталық Азия бірлескен қуат жүйесі тарапынан электр қуаты күшінің жоғарылап кетуі салдарынан электр қуаты сөнді

    Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында  сонымен қатар Алматы және Шымкент  қалаларында ауқымды электр қуатының сөнуі орын алды.

    2020 жылы 20 қараша күні сағ.16.47  Орталық Азия бірлескен қуат жүйесі тарапынан электр қуаты күшінің жоғарылап кетуі  салдарынан жоғарғы вольтты 500 кВ электр желілерінде  электр қуатының  ажыратылуы және САОН (жүктемелерді ажырату арнайы автоматикасы) әрекетінен электр қуатының сөнуі орын алды.

    Талдықорған өңірінде Алакөл, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ аудандарының тұтынушылары 37 минут бойы электр қуатынсыз қалды.

    «KEGOC»АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығының ақпаратына сәйкес, техникалық персоналдың  жұмысы нәтижесінде барлық шектеулер алынып, электрмен қамту  қалпына келтірілді.

    2020 жылы 21 қараша күні сағ.17.48-де «KEGOC»АҚ-ның қарамағындағы  жоғарғы вольтты ВЛ-5320  (Агадырь-ЮкГРЭС) электр желісіндегі апаттар себебінен электр энергиясының Солтүстік-Оңтүстік максималды ағыны кезінде САОН-ның  (жүктемелерді ажырату арнайы автоматикасы)  әрекеті тіркелді. Осының себебінен Алакөл, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ аудандарының тұтынушылары 2сағ.17 минут бойы электр  жарығынсыз қалды.

    «KEGOC»АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығының ақпаратына сәйкес, техникалық персоналдың  үйлесімді жұмысы нәтижесінде, апат салдары жойылып, тұтынушыларға жарық берілді.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты