Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Балалар мерекесіне орай қабылдау

Балалар мерекесіне орай қабылдау

Балалар мерекесіне орай қабылдау

 

«Жарық» БПҰ Халықаралық балалар мерекесіне орай, «Менің бақытты балалық шағым» атты сурет байқауын ұйымдастырды. Оған 15 бала қатысты. Байқауға қатысқан балаларға қабылдау ұйымдастырылып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Балалар өз ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорынмен етене  таныс болу үшін, оларға экскурсия ұйымдастырылып,кәсіпорын цехтарымен таныстырылды. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

Кәсіпорындағы  мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен, әкелері өндірісте оқыс жағдайдан  мерт болған балалар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға да материалдық көмек көрсетілді.

Бүлдіршіндер мерекелік шараға қатысып, сыйлықтарын алып, риза болып қайтты. Талдықорған өңірін сенімді, үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету өте жауапты іс, «ТАЭТК» АҚ басшылығы қауырт жұмыс арасында бір сәт болса да балаларға көңіл аударып, оларға қуанышты сәттер сыйлап, балалық  шақтарының бақытты  сәттерін көбейтуге өз үлесін қосты.

«Жарық» БПҰ

Төрайымы        

 Н.Әбеуова

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты