Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Электр қуаты үшін төлемді мерзімінде жасағандарға сыйлықтар берілді

Электр қуаты үшін төлемді мерзімінде жасағандарға сыйлықтар берілді

Электр қуаты үшін төлемді мерзімінде жасағандарға

сыйлықтар берілді

 

 

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру мақсатында, сонымен қатар электр қуаты үшін төлемдерді заманауи тәсілімен жасағандарды қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 19 қазанында Жаркент қаласындағы Бөлек батыр саяжайындағы «Ұлы жебе»(Орбұлақ) мемориалды кешенінде, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС «КИВИ Қазақстан» компаниясымен бірлесе отырып      электр қуаты үшін төлемдерді осы жылдың 1 мен 5 қазан аралығында төлеген, қарыздары жоқ тұтынушыларға ұтыс ойыны өткізілді.Бұндай ұтыс ойындары 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Қала тұрғындары ұтыс ойынына бесенді қатысты, кешен аумағы тұтынушыларға толы болды. Тіпті ауа райы да ерекше жылы болды.

Осы ұтыс ойынына қатысуға 1424 тұтынушыға талондар беріліп, оның 830 ұтыс ойынына қатысты.

30 дана әртүрлі   электр бұрғы,автомобиль жөндеуге арналған кіліттер жиынтығы және үтік, қысқа толқынды пеш, ет тартқыш, электр шәйнектер, бумен тамақ пісіргіш, т.с.с тұрмыстық электро товарлары ойнатылды.

Ұтысқа ие болғандар риза болып, бұдан былай да КИВИ терминалдары арқылы төлем жасауға уәде беріп, басқа тұтынушыларды да осыған шақырды. Өйткені КИВИ терминалдары арқылы төлеу өте ыңғайлы, демалыссыз,тәулік бойы 24 сағатта, еліміздің кез келген нүктесінен жасауға болады.

Біздің барлық тұтынушыларымызды электр қуаты үшін төлемдерді  терминалдар және интернет арқылы  және де басқа заманауи өздеріңізге ыңғайлы  тәсілдермен  мерзімінде жасауға шақырамыз.

Ұтыс ойыны «КИВИ Қазақстан» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен өтті. Барлық сыйлықтарды осы компания берді.

«Жетісу Энерготрейд» ЖШС басшылығы  «КИВИ Қазақстан» компаниясына Киви терминалдары  арқылы төлем жасаған Жаркент қаласы  тұтынушылары арасында  ұтыс ойындарын өткізгені үшін алғысы шексіз.

Бірлесе отырып, электр қуаты үшін төлемдер жинауда бірталай көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Табысты жұмысымыздың кепілі – кәсіби біліктіліктерінің арқасында, қиын мәселелерді шешуге, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін, өзара әрекеттесетін сенімді әріптестермен жұмыс  істеу болып табылады.

         Көптеген компаниялардың ішінде  басқаларға ұялмай ұсына алатын осындай компанияны табу қиын.

«КИВИ Қазақстан» компаниясы өзін сенімді, іскер, әлеуеті жоғары  серіктес ретінде көрсете білді. Компания қызметкерлері  білікті, қайырымды, оларға қатысты  мәселелерді шешуге көмектесуге әрдайым дайын тұратын мамандар. Осы тұрғыда компанияның әлеуметтік  сервистерді дамыту менеджері Мейірбек Тлеуовті атап кетуге болады.

Біз әріптес ретінде сіздердің компанияны таңдағанымызға қуаныштымыз. Келешекте  сіздермен әріптестігімізді сақтап,  әрі қарай дамытамыз деп сенім білдіреміз.

Дендеріңізге саулық тілейміз, өркендей беріңіздер, өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруға,біздің қиында, қызықты бизнесімізде  бұдан да биік асуларды бағындыруға тілектеспіз.
           Жазиралы Жаркент қаласы әкімшілігіне осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқандары үшін, ал тұрғындарына ұтыс ойынына  белсенді қатысқандары үшін алғысымыз шексіз. Денсаулық, сәттілік тілейміз!

         «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның

Тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Н.Қ.Әбеуова

.

.

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты