Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 243 (ҚР Энергетика министрінің  2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгерістер енгізу) «Электр энергиясын өндіруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап  тарифтер көтерілді:

  • «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ (Тараз қаласы) 12,3%  немесе             1,0 теңге     (1 кВт*сағ.  8,10 теңгеден 9,10 теңгеге көтерілді);
  • «Екібастуз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (Павлодар обл.)   18,1%  немесе 1,4 теңге (1 кВт*сағ.  7,73 теңгеден  9,13 теңгеге көтерілді);
  • «Б. Нуржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС  (Павлодар обл.)   0,7%  немесе 0,04 теңге (1 кВт*сағ 5,76 теңгеден  5,80 теңгеге көтерілді);

ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес электр энергиясын өндіруші және тасымалдаушы (транзиттік) ұйымдардың тарифтері «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің тарифтеріне тікелей әсер етеді, өйткені  электр энергиясын сатып алу және тасымалдауға қарастырылған шығындар үлесі  Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын  электрмен жабдықтауға арналған барлық шығындардың 94,7%  құрайды.

Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы «30» шілдедегі №03-13-1/949 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС  Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын  2020 жылдың 15 тамызынан бастап электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 3% көтерілетінін хабарлайды.

Тұтынушылар топтары  бойынша сараланған электр қуатының бөлшек сату шекті бағасы төмендегідей (ҚҚС-ті қоса есептегенде):

 

Тұтынушылар топтарының

атауы

Анықтама

Шекті баға

01.01.2020ж. баға

15.08.2020 ж. баға

ауытқуы

теңге

%

Тұтынушылардың

І тобы

Электр энергиясын тауар өндіруге (сатуға), жұмыс және қызмет көрсетуге қатысы жоқ, тұрмыстық қажеттіліккке

пайдаланатын  жеке тұлғалар

15,27

15,74

0,47

3

Басқа да заңды тұлғалар (ПИК,бақша қоғамдары, саяжай кооперативтері, т.б..)

Тұтынушылардың

2 тобы

Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге  пайдаланатын заңды тұлғалар

25,2784

26,0400

0,76

3

Тұтынушылардың

3 тобы

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын

Заңды тұлғалар

33,4880

34,5072

1,02

3

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты