Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / «Жетысу Энерготрейд» ЖШС директорының орынбасары «Жетісу» ТРК тікелей эфирде өткен «Талқы:заң» бағдарламасына қатысты

«Жетысу Энерготрейд» ЖШС директорының орынбасары «Жетісу» ТРК тікелей эфирде өткен «Талқы:заң» бағдарламасына қатысты

 

Электро энергетика мәселелері жөнінде «Талқы: заң» бағдарламасына «Жетісу Энерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Е.Байдаулетов, «ТАЭТК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Е.Дюсебаев қатысып, Электрмен қамту  жөнінде тұтынушыларға қажетті ақпараттар берді.

«ТАЭТК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Е.Дюсебаев Талдықорған өңірі тұтынушыларын үздіксіз, сенімді электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында атқарылыған жұмыстарға тоқталып,  электр қуатын тасымалдау, таратуға, «ТАЭТК» АҚ-ның желісіне қосылуға  қатысты тұтынушалараға мәлімет беріп, тұтынушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

«Жетісу Энерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Е.Байдаулетов тікелей эфирде тұтынушыларға Талдықорған өңірі тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтау үшін электр энергия қай электр станцияларынан алынады, оны қандай желілер арқылы тасымалдаймыз, жалпы электр қуатына тарифтер қалай бекітіледі. Электр қуаты тарифтерінің құрылымы.Тарифтер қалай қалыптасады. Биыл тарифтердің төмендеуіне не себеп болды. Зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер бар. Тұрғылықты жерде тіркелген адамдар жөнінде анықтаманы аудандық электр қуатын өткізу бөліміне жыл сайын өткізудің қажеті не т.с.с  мәселелерге тоқталып, тұтынушыларға  осылар жөнінде және «Жетысу Энерготрейд» ЖШС негізгі қызметі туралы кеңінен түсіндіріп  берілді.

Сонымен қатар тұтынушыларды мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

Тікелей эфирде Ақсу, Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласының тұтынушылары өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Осындай теледидар арқылы түсіндіру жұмыстарына жыл сайын қатысып,тұтынушыларға ақпарат беріліп тұрады.

Тікелей эфирді көре алмай қалған тұтынушыларға электрмен жабдықтау туралы өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарды «Жетысу Энерготрейд» ЖШС сенім телефонына 8 800 080 30 33, байланыс орталығына тел.  28 00 01, сайтымыз tkjet.kz, WhatsАрр 8 705 994 19 63 арқылы қоя алатындарыңызды ескертеміз.

Электрмен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұрақтарды  және сізге «ТАЭТК» АҚ-ның электр желілеріне қосылу ушін техникальщ шарттарды алу кезінде лауазымды тұлғалардың ңызмет жагдайын теріс пайдалану, әуре-сарсаңга салу деректері жөнінде белгілі болса: 8 7282 23 35 43:       8 701 882 93 91 сенім телефондарына, Doverie.tatek@mail.ru  эл.адресіне хабарласыңыз. Шұғыл түрде шаралар қолданылады, қойылған сұрақтарға жауаптар аласыздар.

Баспасөз хатшысы

Н.Абеуова

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты