Байланыс телефоны: +7 (7282) 23-31-47
ЖЭТ WhatsApp: +7 705 994 19 63

БПҰ "Жарық" жаңалықтары

     Соғыс ардагері мен тыл еңбеккерін құттықтады

     «Жарық» БПҰ Жеңіс мерекесі қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында  «ТАЭТК» АҚ-ның  бұрынғы жұмыскерлері – Қарабұлақ кентінің тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының Ардагері  Вахтин Семен Андреевич пен Үшарал қаласының тұрғыны тыл еңбеккері –Келімхан Канабекұлы Қанабековті  Жеңіс мереексімен құттықтады.

     Басшылық атынан Алакөл, Қарабұлақ электр желілер ауданы басшылары М.Н. Омаров,Е.Б. Дюсембинов  ардагерлерді құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, азық-түлік жиынтығын, 30 000 теңге конверт сыйға тартты.

           

     Өз кезегінде ардагерлер сыйлықтарға, ең негізгісі «ТАЭТК» АҚ ұжымының білдірген көңілдеріне алғыс айтты.

     Ардагерлер құттықтау мен сыйлықты қабыл ала отырып, сол сұрапыл жылдары бастарынан өткен оқиғаларын, жасөспірім кезінде жақындарын соғысқа аттандырғанын, еңбек фронтындағы еңбектерін, осы жеңіске қандай қиындықпен жеткендерін естеріне алды.

     Ұжым қызметкерлері әрқашанда ардегерлерді естерінен шығармай, әріптестердің ерліктерін ардақтайды, келешек ұрпаққа өмір сыйлаған ардагерлерді назарларынан тыс қалдырмайды.                                                                                                                                

         Халықаралық балар күні қарсаңында

     Халықаралық балалар күніне орай, «Жарық» БПҰ кәсіпорнымызда жұмыс істеп өндірісте жазатайым оқиға нәтижесінде қаза болған жұмыскерлеріміздің балаларына сыйлықтар табысталды.

     Балалар риза болып, олардың аналары «ТАЭТК» АҚ басшыларына ризашылықтарын білдіріп, уақыт пен мүмкіндік тауып осындай көңіл бөлгені үшін жұмыстарына табыс, зор денсаулық тілеп, кәсіпорынның өркендей беруіне тілектестіктерін білдірді.

     «ТАЭТК» АҚ басшылығы  осындай шара өткізу туралы бұйрық қабылдап, 4 балаға велосипед, 1 балаға ақшалай көмек көрсетілді.

 

 

 

^ Жоғары