01.05.2026ж бастап электр энергиясының шекті бағасының өсуі

ЭЛЕКТР ЭНЕГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА !
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасын (әуе және кабельдік электр беру желілерін,трансформаторлық қосалқы станцияларды және басқа да энергетикалық жабдықтарды реконструкциялау) енгізуге байланысты «ТАЭТК» АҚ тарифтерінің артуына, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА БК" АҚ-ның, "Т-Транзит"ЖШС-нің, "Қазақстан Темір Жолы"ҰК"АҚ-ның магистральдық желісінің Алматы бөлімшесінің электр энергиясын беру және бөлу қызметтерінің тарифтерінің жоғарылауына, сондай-ақ" KEGOC " АҚ-ның электр энергиясын беру және электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтерінің тарифтерінің көтерілуіне орай, тұтынушылардың екінші, үшінші және төртінші топтары үшін ғана шекті тарифтер көтерілді.Тұтынушылардың бірінші тобына (жеке тұлғаларға) арналған тарифтер өзгеріссіз қалды. Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере отырып және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 31-03-12-01/267 хаты негізінде "ТАЭТК" АҚ-ның «Электр энергиясын жабдықтау және сату» филиалы 2026 жылғы 01 мамырдан бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны көтеру туралы Жетісу облысының тұтынушыларын хабардар етеді:
«ТАЭТК» АҚ-ның «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалы


