Электр энергиясын бөлшек сауда арқылы сату қызметтерінің шекті бағаларының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау

«Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасмалдау компаниясы» акционерлік қоғамының «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалының хабарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті 2026 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 11 00-де қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасмалдау компаниясы» акционерлік қоғамының «Электр қуатын жабдықтаужәне сату» филиалы электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған шекті бағасының жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Осыған орай, Департамент барлық деңгейдегі депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады. Жария тыңдау орны: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 272, Ардагерлер үйінің ғимараты.
Қосымша Жария тыңдау Facebook әлеуметтік желісі арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің парақшасында онлайн трансляцияланады, сілтеме бойынша өтуге болады https://www.facebook.com/profile.php?id=100086106080525&mibextid=ZbWKwL
Анықтама үшін телефон: 8(7282) 246361, 242825



