Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Қоғамдық тыңдаулар 26.04.21

Қоғамдық тыңдаулар 26.04.21

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің  2021 жылғы 30 наурыздағы №108 «ҚР Энергетика Министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 « Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу» бұйрығына сәйкес энергия өндруші ұйымдардың босату бағасын көтеру белгіленген.

Осыған орай   «ЖетысуЭнерготрейд»  ЖШС электр энергиясын сату шекті бағасының алдағы көтерілуі жөнінде хабарламамен шықты.

Серіктестің хабарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті 2021 жылдың 26 сәуірінде сағат 1500-де қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның электрэнергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған шекті бағасының жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Алматы облысы аумағында  2021 жылдың 12 сәуірінен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (бұдан былай – Алматы облысының БМСД) 2021 жылдың 09 сәуірдегі №8 қаулысы қолданылады.

Алматы облысының БМСД-ның қаулысының 4 тармағының 4.6 тармақшасына сәйкес ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде  үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

            Осыған байланысты жария тыңдау онлайн конференция түрінде Zoom бағдарламасы бойынша өтеді. Конференция идентификаторы:                   928 938 6321 пароль 123 456 789 сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы ДКРЕМ Талдыкоран парақшасында онлайн таратылады.

Осыған орай,  Департамент жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғимонополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға онлайн конференция түрінде  Zoom бағдарламасы арқылы  қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8(7282) 246361, 242680

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты