Тарифтің төмендеуі 01.07.2024 ж

Құрметті тұтынушылар,
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС 2024 жылдың 01 шілдесінен бастап электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын Жетісу облысы тұтынушыларының 3 және 4 тобына арналған электр энергиясы тарифінің төмендеуі туралы хабарлайды
Тұтынушылардың 3 және 4 тобы үшін тарифтің төмендеуі кейбір тұтынушылардың 2024 жылдың 01 маусымнан бастап - реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан ҚР ҰЭМ КРМ аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін электр энергиясын кепілді жеткізуші ретінде серіктестікке ауысуына байланысты серіктестіктің ұсынылатын қызметтерін өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты.
Тұтынушылардың келесі топтары бойынша тарифтер төмендетілді:
3-топ: Электр энергиясын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ)тауарларын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар– 1кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 35,0336 теңгеден 34,9104 теңгеге, немесе төмендеу 0,12 теңгеге немесе 0,34 % төмендеді;
4-топ: Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар - 1кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 84,9408 теңгеден 72,7440 теңгеге, немесе төмендеу 12,20 теңгеге немесе 14,37% төмендеді;.
1-ші(жеке тұлғалар) және 4-ші (заңды тұғалар) топтағы тұтынушылар үшін тарифтер өзгеріссіз қалады.



