Байланыс телефоны: +7 (7282) 23-31-47

Шотты е-mail арқылы алу қызметі

Электр қуатын тұтынушыларының  "Жетысу Энерготрейд" ЖШС-і басып шығаратын есептелген сома шотын алудың жаңа мүмкіндіктерінің туындағанын хабарлаймыз.

Енді  сіз есептелген сома шотын электронды  салып жіберу қызметіне жазылып, e-mail арқылы ала аласыз.

Электр қуатына төлем жасау үшін есептелген сома шотын дәстүрлі поштамен жеткізуден  электронды пошта арқылы алудың бір қатар айқын артықшылықтары бар:

Біріншіден, егер сіз ұзақ мерзімге  іс-сапарға бара жатсаңыз, есептелген сома-шоттар тиесілі  мерзімде сіздің    e-mail мекен жайыңызға жеткізілетін болады.

Екіншіден, есептелген сома-шоттар өз алушысын табатынына сенімді бола аласыз. Оған қағаз түрінде есептелген шоттарды жеткізудегі сияқты күтпеген жерде іс қағаз тасушы алдында  пайда болатын  домофон мен иттер кедергі бола алмайды.

Ең бастысы,виртуалды жәшіктен есептелген сома шотын,  қай уақытта  сізге жеткізгені ыңғайлы екенін өзіңіз шешесіз, біздің ата-аналарымыз сияқты пошта жәшігін қашан тексергеніңізді есіңізге түсірудің қажеті жоқ.

        Есептелген шотты электрондық пошта арқылы алу үшін бекітілген үлгідегі өтінішті толтырып,  төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. Тұрғын үйге, пәтреге құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар (сату-сатып алу (сыйға беру) келісім-шарты, мұрагерлік куәлігі немесе басқа да олардың негізінде  құқық мәртебесі туындаған құжаттар,  меншік иесі жөнінде мәліметтер);
  3. Өтініштер мен жоғарыда аталған тізілім бойынша құжаттарды «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің аудандық бөлімдеріне тапсыру қажет.

Назар аударыңыз!
Есептелген шот  электронды поштамен алушыларға қағаз түрідне берілмейді.

Тұтынушы екі ай қатарынан  электронды поштасына келіп түскен есептелген шот бойынша пайдаланған электр қуатына төлем жасамаған жағдайда,  есептелген шотты электронды мекен жайға жіберу тоқтатылады да, дәстүрлі әдіспен қағаз түрінде   беруді қайтадан бастайды.

^ Жоғары