Жаңа тарифтер 01.02.2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына сәйкес 2023 жылға жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы көлемі 1 кВт/сағ. 1,77 теңгеден 2,21 теңгеге ұлғайды.
ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 79-НҚ, 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №101-НҚ бұйрықтарымен, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 81-НҚ және 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 93-НҚ бұйрықтарымен, сондай-ақ ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 10-НҚ бұйрығына сәйкес электр энергиясын беруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтері көтерілді .
Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2023 жылдың 24 қаңтардағы № 33-04-10-01/69 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-і Жетісу облысы тұтынушыларына электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап көтерілетінін хабарлайды.
Тұтынушылар тобы мен тарифтер |
Тұтынушылар санаттары |
1 кВтсағ. ҚҚС-ті қоса есептегенде теңге |
1-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтажы үшін пайдаланатын жеке тұлғалар (тұрмыстық тұтынушылар) |
19,00 |
Т1 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70 кВтсағ дейін) |
18,77 |
Т2 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшінбелгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 70-тен 130 кВтсағ дейін) |
22,79 |
Т3 тарифі |
Электр плиталарын пайдаланбайтын және пайдаланатын жеке тұлғалар үшін белгіленген шама шегінде (айына 1 адамға 130 кВтсағ жоғары) |
28,47 |
2-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын заңды тұлғалар (тұтынушы), |
32,2448 |
3-топ тұтынушылары |
Электр энергиясын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар |
26,3200 |
4-топ тұтынушылары |
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар |
46,9952 |
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС