Қаратал ауданында электр қуаты уақытша сөндірілді
Қаратал ауданын сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «ТАЭТК» АҚ 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өтуі кезінде жиі сөніп, сымдардың үзілуі болған қарқынды мұз түзілу учаскесінде 110 кВ №102, №103 «Талдықорған-Үштөбе» әуе желілерін күрделі жөндеуден (сымдарды ауыстыру, қосымша бағандарды орнату, ақаулы оқшаулағыштарды ауыстыру) өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 10 тамыз бен 18 тамыз аралығында сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін (түнгі қосумен) тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, Қаратал ауданын электрмен жабдықтау тоқтатылады.
Жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілмесе, күзгі-қысқы кезеңде ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Электр жабдығының авариялық тоқтауын болдырмау және электрмен жабдықтау сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС