Байланыс телефоны: +7 (7282) 23-31-47

Сұрақ-жауап

1. «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның негізгі қызметі қандай?

Жауап: «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның негізгі қызметі Талдықорған өңірі тұтынушыларын электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу.

2. Пәтерде тұрып жатқан адамдар санын өзгерту үшін, сіздерге келіп, кезекте тұрып, уақытымызды кетіріп жүрмей-ақ сайттарыңыз арқылы арыз жазып, электронды түрде жібере салуға болама ?

Жауап: Пайдаланған электр қуатына қанша төлейтініңіз сіздің пәтеріңізде тіркелген адам санына тікелей байланысты.Сондықтан, даулы жағдайларды тудырмас үшін ХҚКО-дан пәтеріңізде тіркелген әр бір адамға анықтама алып, оны аудандық электр қуатын өткізу бөлімдеріне тапсырып, тіркеу журналына қолыңызды қоюыңыз қажет.

3. Қарыздың жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жауап: Қарыздың жоқтығы туралы анықтаманы кез-келген жұмыс күні, жеке куәлігіңізді ұсынған жағдайда, аудандық электр қуатын өткізу бөлімінен, 15-20 минут ішінде ала-аласыз.

4. Соңғы кездерде бізге әкелген шот-хабарламада біздің фамиялияларымыз көрсетілмеген. Неге аты-жөнімізді жазбайсыздар?

Жауап: Қазақстан Республикасының « Дербес деректер және оларды қорғау туралы»       № 94-V заңына сәйкес аталған заң талаптары бойынша «Жетысу Энерготрейд» ЖШС дербес деректерді жинау, өңдеу, қорғау қызметін атқаратын, дербес деректер қорының операторы болып табылады. Басқа сөздермен айтқанда дербес деректер деп: аты-жөні,туған жері мен күні, мекен-жайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке куәлігінің нөмірі, жанұялық және әлеуметтік жағдайы, жылжымайтын мүліктері туралы, білімі, кәсібі, т.с.с. адамдардың жеке басын анықтауға болатын мәліметтер. Оператор дербес деректердің қүпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.Осыған байланысты шот-хабарламада тұтынушының аты-жөні көрсетілмейді.

5. Тіркелгендерді жыл сайын растау қажет пе?

Жауап: Пайдаланған электр қуаты үшін сараланған тарифтерді дұрыс қолдану үшін, үй-жайға тіркелген адамдар жөніндегі анықтаманы (өзгертілген) жаңартып тұру қажет.

6. Маған пайдаланған электр қуатына 2245 теңгеге шот әкелген болатын. Мен терминал арқылы 2000 теңге төледім, төленбей қалған 245 теңге үшін де шара қолданасыздар ма?

Жауап: Сіз төлеген 2000 теңгенің ішінде терминалды қолданған үшін алынатын комиссия құны бар. Ол әр терминалда әр түрлі 50 теңге төңірегінде болады. Сонда сізден түскен төлем 2000 теңге емес, 1950 теңге . Комиссияляқ алым + Сіз төлемей қалған сомма, қарызыңыздың жалпы көлемі 295 теңге болады (50 + 245 = 295 теңге). Талдықорған аумағы бойынша 181 мыңнан астам тұтынушылар бар десек, оның әр қайсысы 295 теңгеден төлемей қалса, жалпы қарыздар көлемі бір айдың өзінде 50 млн. теңгедей болар еді. Бұл қаржы тапшылығын тудырады, қуат көздерін өндірушілер алдындағы міндеттемелеріміз орындалмай қалу қаупі бар. Ол өз кезегінде қуат көздері тара(пынан электрмен қамтамасыз етуге шектеулер енгізуге алып келуі мүмкін. Сондықтан қанша тыйын болсада, біз үшін ол қарыз болып есептеледі. Электр қуатын пайдалану тәртібінің 54 тармағының 1 тармақшасына сәйкес келісім-шартта көрсетілген мерзімде тұтынушы пайдаланған электр қуатына толығымен төлем жасамаған жағдайда, электрмен жабдықтаушы ұйым оны беруді тоқтатуға құқылы. Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, тұтынушылардан төлемдерді қалдықсыз толығымен, мерзімінде жасауларыңызды өтінеміз.

7. Пайдаланаған электр қуатына төлемдерді қалай жасауға болады?

Жауап: Бүгінгі таңда Талдықорған өңірінің тұтынушыларына электр қуатына төлем жасаудың бірнеше түрін ұсынамыз.

     «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның төлем қабылдау орындары.

     Төлем жасаудың бұл түрі тұтынушылардың басым көпшілігі арасында ең көп таралған. Аудандық бөлімшелерде орналасқан «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-ның меншікті кассалары арқылы төлеуге болады.

      «Халық банкі» филиалдарында төлеу                                                                                                                      Талдықорған қаласының тұтынушылары төлемдерді жақын орналасқан «Халық банкі» филиалдарында төлей алады (төлемдер түбіртек ұсынылған жағдайда қабылданады).                                                            

     Төлем терминалдары                                                                                                                                               Төлемдерді жедел әрі ыңғайлы жасау әдістерінің бірі төлем терминалдары арқылы төлеу болып табылады. Төлемдердің аталған түрімен «Жетысу Энерготрейд» ЖШС тұтынушылары «QIWI»-дің кез келген терминалдары арқылы пайдалана алады. Төлем жасалған соң терминал төлемді растайтын чек береді (комиссия алынады). Тұтынушыларға төлем жасауға ыңғайлы болу үшін, аудандық бөлімдерде QIWI» терминалдары орнатылған, сонымен қатар «Қазақстанның халық Банкі» АҚ-ның POST терминалдары бар, олар комиссиясыз төлем қабылдайды. «Kaspi Bank» АҚ-ның терминалы арқылы электрондық әмияндарыңызды толтыра аласыздар.

     «Казпошта» АҚ                                                                                                                                                               Электр қуаты үшін шоттарды «Казпочта» АҚ-ның Талдықорған аймағында орналасқан филиалдары арқылы төлей аласыз (төлемдер түбіртек ұсынылған жағдайда қабылданады, комиссиялық алым алынады)       

     Интернет-банкинг                                                                                                                                                          2016 жылдың 13 маусымынан бастап электр қуаты үшін шотты интернет арқылы төлеу мүмкіндігі туды. Артықшылықтарына орай, аталған қызмет түрі Алматы облысы тұрғындары арасында танымал бола бастады. Виртуалды төлемнің негізгі артықшылығы – уақытты үнемдейді: компания тұтынушылары үйден шықпай-ақ төлемдер жасай алады. Интернет-банкинг қызметі «Жетысу Энерготрейд»тұтынушылар үшін «Kaspi Bank» АҚ сайтының интернет-бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Қызмет түрімен «Kaspi Bank» АҚ-ның клиенттері ғана емес басқа да банк клиенттері пайдалана алады. Төлем жасау үшін кез-келген қазақстандық банктер шығарған VISA немесе MasterCard картасы болуы керек. Төлемді интернет-банкинг арқылы бірінші рет төлеушілерге, бұл рәсім 3 қадамнан тұрады:

• kaspi.kz электронды мекен-жайы арқылы тіркелу;

• «Коммуналка» бөліміне кіріп, компаниялар тізімінен «Жетысу Энерготрейдті» таңдап, жеке есепшот нөмірін енгізу;

• VISA немесе MasterCard картасынан төлем жасау. Төлем жасалған соң, клиент Kaspi Bank мөрі басылған түбіртек алады, ол төлем алушыға төлем жетпеген жағдайда төлемді растайтын және ақшасын қайтарып алуға кепілдік болып саналады. Kaspi Bank мөрі бар түбіртекті басып шығара аласыз, сонымен қатар ол «төлемдер тарихы» бөлімінде сақталады.

8. Тұтынушылардың қандай санаттарына  жеңілдіктер қарастырылған?

Жауап

Жеңілдіктер  жалғыз тұратын:

- жасы келген зейнеткерлерге;

- мүгедектерге;

- Ұлы Отан соғысына қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғаларға қарастырылған.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңының
9-бабына сәйкес,  Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар:

1. Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда

 * бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, осы Заңның 5,6,7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасы;

* Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;

* бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;

* Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

* бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

* Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;

* Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

^ Жоғары