Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / ТАЭТК АҚ желілеріне қосылу

ТАЭТК АҚ желілеріне қосылу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларынан

 Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттар туралы үзінді.

10. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен анықталады.

11. Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде беріледі.

Белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. «Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының» мазмұны осы Қағидаларға 2-қосымша келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілерге қосу жоспарланған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

12. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

13. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі - кВт) дейінгі электр қондырғыларына - 5 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 10 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 15 жұмыс күнінің ішінде.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

14. Энергия беруші ұйым өзінің ғаламтор-ресурсында электрмен жабдықтау желісіне қосылу және техникалық шарттарды беру процесіне арналған тарау ашады.

электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған тарауды әзірлейді;

кемінде 6 ай мерзімділігімен жүктелетін шағын станция туралы ақпаратты орналастырады.

15. Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына - 3 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 7 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 12 жұмыс күнінің ішінде.

Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.

Осы тармақтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

16. Электр қондырғылары тұтынушылардың электр желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар тұтынушыға берілген техникалық шарттарды тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымымен келісіледі.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттарды қосалқы тұтынушыларға тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі.

17. Тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына жалғауға берілетін техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі:

1) техникалық шарттар берілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) электрмен жабдықтау объектісінің атауы;

3) объектінің орналасқан жері (қала, ауыл, көше);

4) электр тұтынуының рұқсат етілген қуаты;

5) электр энергиясын тұтыну сипаты (үнемі, уақытша, маусымды);

6) электрмен жабдықтауың сенімділік дәрежесі;

7) қуаттың рұқсат етілген коэффициенті;

8) қосылу нүктелері (шағын станция, электр станциясы немесе электр тарату желісі);

9) қосылатын электр тарату желілеріне (бұдан әрі - ЭТЖ) және шағын станциялар жабдығына қойылатын негізгі техникалық талаптар.

10) жаңа тұтынушының пайда болуына байланысты қолданыстағы электр желісін күшейту бойынша дәлелді талаптар - сымдардың қималарын ұлғайту, трансформатордың қуатын ауыстыру немесе көбейту, тарататын құрылғылардың қосымша ұяшықтарын салу;

11) техникалық шарттарды беру себебі;

12) техникалық шарттардың қолданылу мерзімі.

Егер энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда, сондай-ақ тұтынушыларда жеке меншік құқығында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесі (бұдан әрі - ЭЭКЕАЖ) орнатылған трансформаторлық шағын станциялары болса, онда қосымша техникалық шарттарда төмендегі талаптар көрсетіледі:

ЭЭКЕАЖ қолданумен электр энергиясын коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру;

релелік қорғаныс пен автоматика, диспетчерлік басқару: телеөлшем, телебасқару мен байланыс каналдарын ұйымдастыру құралдарымен электр қондырғыларды жарақтандыру;

реактивті қуатты өтеу.

Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі электр қондырғысын жобалау және салудың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

Құрылысы басталған объектілердің техникалық шарттарының жарамдылық мерзімі тұтынушының қолдану мерзімі өтпес бұрын берген өтініші бойынша ұзартылады.

18. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға келген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым аталмыш тұтынушыға қатысты мәселелер шегінде барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.

Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

19. Өтінім берілген қуаты 10 мегаватт (бұдан әрі - МВт) жоғары электр желісінің пайдаланушыларын электр беруші (электр өндіруші) ұйымның электр желісіне қосу техникалық шарттары жүйелік оператормен келісіледі. Өтінім берілген қуаты 1-10 МВт электр желісінің пайдаланушыларын электр таратушы (электр өндіруші) ұйымның электр желісіне қосу техникалық шарттарының көшірмелері бір айдың ішінде жүйелік операторға мәлімет үшін жолданады.

 

 

Электр энергиясын пайдалану

қағидаларына 1-қосымша

 

Өтінім білдіруші:

______________________

(Т.А.Ә.)

______________________

(қолы)

20 _____ж. «___» _______

 

Нысан

 

 

Жалғауға өтінім

 

__________________________________________________________________________

                   (объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын) және

                                      оның мекенжайы, орналасқан жері)

__________________________________________________________________________

                     (электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),

                электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)

Өтінім берілген қуат:_________________ кВт/сағ.

__________________________________________________________________________

                      (электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),

            электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)

Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты:___________ (1, 2, 3)

Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі:

_________________________________________________________________________

Өтінімге төмендегі құжаттар қоса ұсынылады:

1) Жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;

2) ситуациялық жоспар;

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар;

тұтынушылар өтінімге жобалық қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасы электрлік желілеріне жалғану жоспарланатын энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

 

«ТАЭТК» АҚ Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттар туралы

 

  1. Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттарқандай нормативтік актілер негізінде беріледі?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидалары негізінде Электр желілеріне жалғануға    техникалық шарттар беріледі.

  1. Қандай жағдайларда техникалық шарттар беріледі?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды мынандай жағдайларда:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

  1. Энергия беріші ұйым техникалық шарттарды қандай  мерзімде беру керек?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

-қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі - кВт) дейінгі электр қондырғыларына - 5 жұмыс күнінің ішінде;

-қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 10 жұмыс күнінің ішінде;

-қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 15 жұмыс күнінің ішінде.

  1. Техникалық шарттар беру ақысы қанша?

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

  1. Техникалық шарт алу үшін өтінішті қайда беруге болады?

   «ТАЭТК» АҚ  электр желісіне қосылу үшін тұрғылықты жері бойынша орналасқан «ТАЭТК» АҚ-ның жергілікті бөлімшесіне (ӨЖА) белгіленген үлгіде өтініш жазады. Ол өтінішке төмендегі құжаттар тіркелу керек:

  1. Жеке тұлғаның куәлігінің немесе заңды тұлғаның  мемлекеттік тіркелу куәлігі немесе жеке кәсіпкердің куәліктерінің көшірмесі.
  2. Ахуалдық план (схема).
  3. Өзі немесе сарапшы ұйымның  көмегімен жасалған қажетті электр қуаты мөлшерінің есептелген негіздемесі.
  4. Электр қуатымен жабдықталатын нысанның   құқық белгілерінің құжаттары.
  5. Пайдаланатын электр құрылғылардың есептелген  қуаттылығы             5 мВт (5000 кВт)  және одан жоғары болатын  тұтынушылар өтінішке жоба жасау қызметімен айналысуға лицензиясы бар, арнайы жобалық ұйым жасаған  сыртқы электрмен жабдықтау  сызбасын қосуы қажет.Тұтынушының электр мен жабдықтау сызбасы «ТАЭТК» АҚ- мен келісілуі қажет.
  6.     Электр құрылғыларды салуға қайта жөндеу немесе жаңғырту (техникалық шарт талабына сәйкес) жобалық құжаттары қандай мерзімде келісілуі керек?

Электр құрылғыларды салуға қайта жөндеу немесе жаңғырту (техникалық шарт талабына сәйкес) жобалық құжаттары құрылыс-монтож жұмыстары басталғанға дейін «ТАЭТК» АҚ-мен келісіледі.

   Техникалық шарттарға сәйкестігі жөнінде жобалық келісімдерге келісім алу төмендегі мерзімде жасалады:

  • Қуаттылығы 200кВт-ға дейін электрқұрылғыларға 3 жұмыс күні ішінде.
  • Қуаттылығы 200кВт-тан 1000кВт-қа дейін электрқұрылғыларға 7 жұмыс күні ішінде.
  • Қуаттылығы 1000кВт-тан жоғары электрқұрылғыларына 12 жұмыс күні ішінде.

7.   Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуымен электр құрылғыларын пайдалануға беру қандай құжатпен рәсімделу керек?

                          Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуымен электр құрылғыларын пайдалануға берілмей тұрып, қабылдау-өткізу сынақтары өтеді және тұтынушы құрылыс-монтаж жұмыстарын жасаған ұйымнан акт (пайдалануға берілу актісі) бойынша қабылдайды.

     8.  Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда қайда жүгіну керек?

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға келген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым аталмыш тұтынушыға қатысты мәселелер шегінде барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.

         9. Электрқұрылғысын пайдалануға беру алдында кім энергетикалық сараптама жүргізеді?

   Сарапшы ұйым, электрқұрылғысын пайдалануға беру алдында, электрқұрылғы энергетикалық сараптама өткізеді.

 

 

Электр энергиясын пайдалану

қағидаларына 1-қосымша

 

Өтінім білдіруші:

______________________

(Т.А.Ә.)

______________________

(қолы)

20 _____ж. «___» _______

 

Нысан

 

 

Жалғауға өтінім

 

__________________________________________________________________________

                   (объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын) және

                                      оның мекенжайы, орналасқан жері)

__________________________________________________________________________

                     (электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),

                электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)

Өтінім берілген қуат:_________________ кВт/сағ.

__________________________________________________________________________

                      (электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),

            электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)

Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты:___________ (1, 2, 3)

Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі:

_________________________________________________________________________

Өтінімге төмендегі құжаттар қоса ұсынылады:

1) Жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;

2) ситуациялық жоспар;

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар;

тұтынушылар өтінімге жобалық қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасы электрлік желілеріне жалғану жоспарланатын энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

 

 

 

 

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты