Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Тарифтерді қалыптастыру принципі

Тарифтерді қалыптастыру принципі

       1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес  электр қуатының тарифтерін  қалыптастыру Ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды  реттеу және  бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің  талаптарына сай жүзеге асырылады.  Тарифтің негізін  құраушысы  электр қуатының бағасы болып табылады. Электр қуатының бағасының өзгеруіне байланысты «Жетысу Энерготрейд» ЖШС   қолданыстағы тарифті   жеткізушілер алдындағы міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін  деңгейге дейін өзгертуге құқылылы.

                                                      

        2. Тариф әрқашанда ашық

«Жетысу Энерготрейд»  әрқашанда электр қуатының  тарифтері құрылымының жариялылығын  қамтамасыз етеді. Талдықорған аймағы бойынша электр қуаты тарифі төмендегі құрамдас бөліктерден құралады:

- қуат өндірушілердің бағасы;

- магистралдық желілер арқылы электр қуатын тасымалдау бағасы;

- ТАЭТК желілері арқылы электр қуатын тасымалдау және тарату бағасы;

- реттеу және диспетчеризация қызмет бағасы;

- электр қуатын өткізу бағасы.


 3. Электр қуатының  оңтайлы тарифтерін қамтамасыз ету

«Жетысу Энерготрейд»  маркетингтік жоспарларды құра және іске асыра отырып,  электр қуатын сатып алуды ең төменгі бағамен жүзеге асырады.

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты