Құрметті электр қуатын тұтынушылар!
Бүгінгі таңда, біздің компания Талдықорған өңірін қамтамасыз ету үшін, электр қуатын электр станциялардан (қуат өндіруші компаниялардан) 100% алдын ала төлем негізінде сатып алады. Ал тұтынушылар ҚР Азаматтық кодексіне және Электр қуатын пайдалану ережесіне сәйкес, пайдаланған электр қуаты үшін төлемдерді есепті айдан кейінгі айда яғни, электр қуатын пайдаланғаннан кейін, бір айдан соң жасайды.
Осыған орай, құрметті электр қуатын тұтынушылар, пайдаланған электр қуаты үшін төлемді өз мерзімінде төлеулеріңізді сұраймыз, бұл өз кезегінде Сіздердің үйлеріңізді электр қуатымен үздіксіз жабдықтауға әсер етеді.