Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Қаңтар айының шот хабарламалары туралы түсініктеме

Қаңтар айының шот хабарламалары туралы түсініктеме

Байланыс орталығына,сенім телефонына  келіп түскен қоңыраулардың негізінде және 2021 жылғы 30 қаңтардағы "Талдыкорганец" паблигінің инстаграм парақшасында жарияланған "Жетысу Энерготрейд" ЖШС артық есептелген шоттарды таратуына қатысты келесіні хабарлайды.  Есептелген шоттардағы төленетін сомалардың көптігі  "Жетысу Энерготрейд" ЖШС-нің  тарифінің көтерілуімен байланысты емес, өйткені "Жетысу Энерготрейд" ЖШС Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментімен келісе отырып, тарифті ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан бастап 20 тиынға немесе 1,1% - ға төмендетті.

Кейбір тұтынушылардың қаңтар айындағы шоттарда ұлғайтылған сомаларды алуының негізгі себебі :

  • қаңтар айында ауа-райының аязды болуы, адамдардың  электр жылытқыштары мен электр қазандықтарын қолдануы;
  •  қаңтар айында 13 мереке және демалыс күндері болды, сәйкесінше тұрғындар негізінен үйде болды. Қаңтарда барлығы 18 жұмыс күні болды;
  •  тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын үнемдеу процесіне тиісті назар аудармау болып табылады.

Электр энергиясын пайдалану қағидалары негізінде тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу, электр энергиясын есепке алу құралының нақты көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Электр энергиясын есептеу құралдарының нақты көрсеткіштерін "ТАЭТК"АҚ қызметкерлері ұсынады. Нақты тұтыну көрсеткіштерін алғаннан кейін "Жетысу Энерготрейд" ЖШС  есептеу шоттарын қалыптастырады және оларды әрбір тұтынушыға жеткізеді.            Тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуына жүргізілген талдау негізінде, 2021 жылғы қаңтар айында 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24% - ға артқанын анықтадық.

Ұлғайған сомадағы шоттарды алған жағдайда, коммерциялық есепке алу құралының нақты көрсеткіштерін, есептеу шотымен салыстырып тексеру қажет және олар сәйкес келмеген жағдайда, есептеу шоттарына түзетулер енгізу үшін "Жетысу Энерготрейд" ЖШС-не жүгінуіңізді сұраймыз.

Келіп түскен өтініштер бойынша "ТАЭТК" АҚ қызметкерлері мен "Жетысу Энерготрейд" ЖШС жұмысшылары тұтынушылардың есептеу құралдарын тексерді, тексеріс нәтижесі бойынша  жүгінген тұтынушылардың 90-95% -ның  есептеу құралдарының көрсеткіштері берілген  шоттарға сәйкес келетінін анықтады. Сонымен қатар комиссиямен тұтынушылар үйлерінде электржылытқыштар мен су қыздырғыштарын қолданғаны анықталды.

 

 

Атауы

15.08.2020ж

 01.01.2021ж

Ауытқулар

ҚҚС қосылған тариф

ҚҚС қосылған тариф

  тенгеде

 %-те

Жеке тұлғалар (халық)

орташа өткізу тарифі кезінде

15,74

15,56

-0,18

-1,1

бірінші деңгейдегі тариф - Т1

 (электр плиталары жоқ 70 дейн)

15,56

15,39

-0,17

-1,1

бірінші деңгейдегі тариф - Т1

(электр плиталары бар  80 дейн)

Екінші деңгейдегі тариф - Т2

(электр плиталары жоқ  70 -тен 130 дейн)

18,87

18,67

-0,20

-1,1

Екінші деңгейдегі тариф - Т2

(электр плиталары бар  80-нен 150 дейн)

үшінші деңгейдегі тариф - Т3

(электр плиталары жоқ 130 дан жоғары)

23,59

23,33

-0,26

-1,1

үшінші деңгейдегі тариф - Т3

(электр плиталары бар  150-ден  жоғары)

 

Читайте также

Контакт-центр и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Email: jet_tk@mail.ru +7 (705) 994-19-63 tkjet.kz Реквизиты