Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Маңызды хабарландыру! / Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 243 (ҚР Энергетика министрінің  2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгерістер енгізу) «Электр энергиясын өндіруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап  тарифтер көтерілді:

  • «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ (Тараз қаласы) 12,3%  немесе             1,0 теңге     (1 кВт*сағ.  8,10 теңгеден 9,10 теңгеге көтерілді);
  • «Екібастуз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (Павлодар обл.)   18,1%  немесе 1,4 теңге (1 кВт*сағ 7,73 теңгеден  9,13 теңгеге көтерілді);
  • «Б. Нуржанова атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС  (Павлодар обл.)   0,7%  немесе 0,04 теңге (1 кВт*сағ 5,76 теңгеден  5,80 теңгеге көтерілді);

ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес электр энергиясын өндіруші және тасымалдаушы (транзиттік) ұйымдардың тарифтері «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің тарифтеріне тікелей әсер етеді, өйткені  электр энергиясын сатып алу және тасымалдауға қарастырылған шығындар үлесі  Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын  электрмен жабдықтауға арналған барлық шығындардың 94,7%  құрайды.

Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы «30» шілдедегі №03-13-1/949 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС  Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын  2020 жылдың 15 тамызынан бастап электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 3көтерілетінін хабарлайды.

Тұтынушылар топтары  бойынша сараланған электр қуатының бөлшек сату шекті бағасы төмендегідей (ҚҚС-ті қоса есептегенде):

 

Тұтынушылар топтарының

атауы

Анықтама

Шекті баға

01.01.2020ж. баға

15.08.2020 ж. баға

ауытқуы

теңге

%

Тұтынушылардың

І тобы

Электр энергиясын тауар өндіруге (сатуға), жұмыс және қызмет көрсетуге қатысы жоқ, тұрмыстық қажеттіліккке

пайдаланатын  жеке тұлғалар

15,27

15,74

0,47

3

Басқа да заңды тұлғалар (ПИК,бақша қоғамдары, саяжай кооперативтері, т.б..)

Тұтынушылардың

2 тобы

Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге  пайдаланатын заңды тұлғалар

25,2784

26,0400

0,76

3

Тұтынушылардың

3 тобы

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын

Заңды тұлғалар

33,4880

34,5072

1,02

3

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты