Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалақтар / пресс-релиз / Аварийные отключения в сетях 22.01.2021

Аварийные отключения в сетях 22.01.2021

2021 жылдың 22 қаңтар күні  Алматы облысының  Талдыкорған өңірінде екпіні 20м/сек болатын қарлы боран болды.Соның әсерінен «ТАЭТК» АҚ-ның 10/0.4 кВ электр желілерінде апаттық сөнулер орын алды. Шұғыл түрде апаттық-жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. Электр желілер аудандарының тарату желілер  бригадалары апат салдарын жою жұмыстарын  таңғы сағат 4.00-ге дейін жүргізді.

Аяз бен қарлы боран энергетиктерге үзілген сымдарды жалғау үшін тіреулерге шығуға мүмкіндік бермеді. Ал бұндай бұрқасында техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес автомобильдік гидравликалық көтергіштерде жұмыс істеуге тыйым салынады.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, энергетиктер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бүгін негізінен желілердегі барлық бұзылған жерлер қалпына келтірілді. Тұтынушылардың бірен-саран тапсырыстары ғана қалды. Дер кезінде қажетті жерлерге күштер мен құрал-саймандар жеткізілді.Апаттық қалпына келтіру жұмыстарына  әрбір Электр желілір ауданынан 5-6 бригада жұмылдырылды.

«ТАЭТК» АҚ

Читайте также

Контакт-центр и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Email: jet_tk@mail.ru +7 (705) 994-19-63 tkjet.kz Реквизиты