Жеке Кабинет KZ RU

Қоғамдық тыңдаулар

ҚР Энергетика Министрінің  2023 жылғы 26 мамырдағы № 192 «ҚР Энергетика Министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес  электр энергиясын өндіруші және беруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтері көтерілді.
Осыған орай «Жетысу Энерготрейд» ЖШС электр энергиясын сату шекті бағасының алдағы көтерілуі жөнінде хабарламамен шықты. 
Серіктестіктің хабарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті 2023 жылдың 20 маусымында  сағат 15:00-де қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған шекті бағасының жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Zoom бағдарламасы арқылы онлайн конференция түрінде өтеді. Конференция идентификаторы: 928 938 6321 пароль 123 456 789, сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы ДКРЕМ Талдыкорган парақшасында онлайн таратылады.
Осыған орай,  Департамент жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға онлайн конференция түрінде Zoom бағдарламасы арқылы  қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8(7282) 246361, 242680

 

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты