Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңалықтар / пресс-релиз / 2 және 3 тұтынушылар топтары үшін 01.06.2024 бастап төмендетілген тарифтер

2 және 3 тұтынушылар топтары үшін 01.06.2024 бастап төмендетілген тарифтер

Құрметті тұтынушылар, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС 2024 жылдың 01 маусымынан бастап электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын Жетісу облысы тұтынушыларының 2 және 3 тобына арналған электр энергиясы тарифінің төмендеуі туралы хабарлайды

 

Тұтынушылардың 2 және 3 тобына арналған тарифтің төмендеуі Серіктестік көрсететін қызметтерді өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты, ал ол ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруына орай 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың және облыстың тұтынушы - заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізуші ретіндегі Серіктестікке ауысуынан болды.

Тұтынушылардың келесі топтары бойынша тарифтер төмендетілді:

2-топ: электр энергиясын өздерінің тұрмыстық емес қажеттіліктеріне пайдаланатын  заңды тұлғаларға   – 1кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 43,1200 теңгеден 36,5120 теңгеге яғни 15,33 %-ға немесе 5,90 теңгеге төмендеді;

3-топ: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушыларға (ӘМАТ) - 1кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 35,2016 теңгеден 35,0336 теңгеге яғни  0,47%-ға немесе  0,15 теңгеге төмендеді.

1-ші және 4-ші топтағы тұтынушылар  үшін тарифтер өзгеріссіз қалады

Читайте также

Контакты и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Байланыс орталығы:
8 (7282) 28-00-01
Email: jet_tk@mail.ru tkjet.kz Реквизиты